Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1585 материал табылды

Таным • 06 Мамыр, 2024

Атауы сұсты болғанмен...

Табалдырықтан асыға ат­таған жиен бұйымтайын айта жө­нелген. «Жігіт сұл­таны» бай­қауына қатыспақ екен. Бай­қауда «Өзін-өзі таныстыру», «Өнер алды – қызыл тіл» деп аталатын бөлімдері бар екен. Соған сөз жазып беруім керек.

Талбесік • 03 Мамыр, 2024

Ел байлығы еселеніп келеді

Ежелден тамылжыған таби­ғатымен аты шыққан өңірдегі басты байлықтың бірі сыңсыған ну орман екені даусыз. Қолдың саласындай ақ қайыңдар мен мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген жұ­мақ жердің табиғаты жыл өткен сайын түрленіп, жасарып, жақсарып келеді.

Қоғам • 02 Мамыр, 2024

Тамыр

Германиядан сәлемдеме жіберіпті. Әдемі алтын жүзік. Шеті қазақы нақышпен өрнектелген. Дәл ортасында қос қанатын керіп, зулап ұшып бара жатқан қарлығаштың пішіні. Бәлкім, ат тұяғы жет­пейтін ту алыстағы көзкөрген, күні кеше ғана орталарында құлын-тайдай тебісіп күн кешкен жұрттың сарытап сағынышын алып-ұшып жетсін деді ме екен, кім білсін? Жүзікті тапсырыспен жасатқаны көрініп тұр. Әйтпесе, кіл немістің ортасында қазақы нақышпен дәл осындай жүзік соға қояр ма екен?

Халық • 01 Мамыр, 2024

Еріктілердің еселі еңбегі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола филиалының жанындағы жастар ассамблеясы басын біріктіріп отырған 140 ерікті, студенттер мен түрлі мекеме қызметкерлері ортақ іске жұмыла кірісті. Тұтастай алғанда 600-ге жуық адамды екшеп алып, ортақ іске жұмылған жандар ақ ниеттерімен қам көңілдерді жадыратып жүр.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2024

Көкшедегі 16 мың көшет

Өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акция­сы жалғасын тауып жатыр.

Талбесік • 26 Сәуір, 2024

Сәтімен өткен сенбілік

Көкшетауда жалпы қалалық сенбілік өткізіліп, облыс орта­лы­ғы жайнап сала берді. Мұндай игі іс елді мекендерде де ұйым­дас­тырылды.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

Көкшедегі қуаныш

Тасқын судың тақсыретін тартқан өңірдің бірі Ақмола облысында өкініш сейіліп, қуаныш оты алаулады. Жайлы да жарық пәтерге ие болғандар мемлекет қамқорлығына дән риза.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Көкшедегі қуаныш

Топан судың тақсыретін тартқан өңірдің бірі – Ақмола облысында өкініш сейіліп, қуаныш оты алаулады. Жайлы да жарық пәтерге ие болғандар мемлекеттік қамқорлыққа дән разы.

Өндіріс • 24 Сәуір, 2024

Тың серпінді «Тыныс»

Акционерлік қоғам өңірдегі ең ірі кәсіпорынның санатында. Сонау 1959 жылдан бері үзбей жұмыс істеп келе жатыр. Авиацияға қажетті техника тораптары мен әрқилы агрегаттарды дайындауға маманданған. Бір сөзбен айтқанда, қорғаныс саласының сұранысын орындайды.

Өндіріс • 19 Сәуір, 2024

Тегеурінді техника – табыс кепілі

«Kazrost Engineering» жеке компаниясы – өңірге өте маңызды өзгеріс әкелген кәсіпорын. Бұрынғы «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын жаңғыртып, техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын ауыл шаруашылығының ахуалына оң ықпалын тигізіп келеді.