Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1471 материал табылды

Мирас • 30 Мамыр, 2024

Өнеге өрісі

Туған өлкенің тарихы түптеп келгенде ұрпақ кәдесіне жарайтындығы мәлім. Киелі жер мен қасиетті елдің өткенін ұмытпай, ұрпақ кәдесіне жаратсақ, кәнеки. Осы бір тәлімі мол дүние желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына небір асыл қасиеттер сіңірер еді. Жақсы мысалдар аз емес. Мәселен, Ақсу кенті. Кенттегі №1 жалпы білім беретін орта мектептің мұражайында өрістетілген жұмыс өзгеге өнеге болуға әбден лайықты. Жас ұрпақты туған топырағын сүюге баулып, жан-жақты жетілдіруге сіңіріп жатқан қызметі айрықша. Сәл ғана таратып айтатын болсақ, мұражай алдымен өз ауылының, білім ұясының, Отанының төл тарихын зерделей зерттеп, әрқилы шығармашылық жобаларға оқушыларды белсенді қатыстырып, тылсым тарихтың тағылымын паш еді.

Шаруашылық • 30 Мамыр, 2024

Ырыздық жаңа техникамен ғана артады

Ырыздық жорығына ынталана кіріскен диқан қауымның қолын ауа райы байлап тұр. Жауынның салдарынан көктемгі егіс кідіргелі бір апта. Себу мерзімі ұзарып барады. Жер дегдіген соң, күрт қимыл­дау керек. Алға басқан қа­дам­ды кері кетіретін ендігі бір себеп – техниканың тозуы. Өңір­дегі ауыл шаруашылығы техни­ка­сының 60 пайыздан астамы қау­сап тұр.

Оқиға • 28 Мамыр, 2024

Өз-ағамның өнегелі баласы

Антоновка – ілкі заманда тыңгерлер қоныстанған, етек-жеңі кең пішілген ауыл. Бұрын сап-сары болып тұ­ратын. Кейінгі жылдары өңі өзгерді. Төңіректегі шағын ауылдың адамдары көшіп келіп жатыр. Себеп, қара жолдың бойына қоныстанған. Ауылды қақ жарып өтетін қара жолдың бойында қысы-жазы саудасы жүріп жатады. Негізінен картоп, көкөніс, қаз-үйрек сатады. Нәпақасын осы жаяу саудадан айырып тұрғандардың арасынан жергілікті ұлт өкілін емге таба алмайсыз.

Ең қысқа әңгіме • 27 Мамыр, 2024

Аңшының әңгімесі

Ауыл жігіттерінің қолы бос. Қызыл су тыйылып, жер қарайған соң тақым­дарына басқан қылқұйрықтыларын жарата бастайды. Бұрынғыдай емес, ел ішінде бәйге көп. Көңіл аулайтын бір қызық осы.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2024

Атбасарды айнадай етіп тазалады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйым­дас­­ты­рылған шаруаға Ат­басар қаласының тұр­ғынд­ары бір адамдай атсалыс­ты. Қаладан 365 тонна тұр­мыстық қалдық шығарылып, Жабай өзе­нінің жағалауы ұқыпты қолдың табымен түрленіп, сыланып шыға келді.

Оқиға • 24 Мамыр, 2024

Асату

Сабыр ақсақалдың Аме­ри­каның үлкен бір уни­вер­ситетінде оқитын неме­ресі келіп, құрмалдық берген. Аумағы атшаптырым үлкен бөлменің ішінде ине шаншар жер жоқ.

Өндіріс • 23 Мамыр, 2024

Болашақтың іргесін бекемдеген кәсіпорын

Көкшетаудағы кірпіш зауыты бір жылдың ішінде өндіріс көлемін 16,5 пайызға өсіріп, 4,3 млрд теңгенің өнімін дайындады. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 629 млн теңгенің өнімі шығарылды.

Туризм • 22 Мамыр, 2024

Көркіне көзайым бол Көкшетаудың!

Көрген жанның көзін сүйсінтіп, көңіліндегі қуаныш көбелегін көр­кемдік уызы қонақтаған қыр­ларында ұшырған ерке Көкшенің иен табысының бір саласы – туризм. Былтыр салық түсімінің көлемі 21 пайызға өсіп, 3,5 млрд теңгені құраған.

Мәдениет • 22 Мамыр, 2024

Ауыл мәдениеті – елдік дәстүр мәйегі

Өңірдегі мәдениет ошақтары жалпақ жұртқа рухани азық сыйлап, ел бірлігін бекітіп, таным деңгейін арттырып, алаулап атқан әр таңды сәулелендіре түседі.

Тағзым • 21 Мамыр, 2024

Көше аты берілді

Таяуда Щучинск қаласында ақын, қоғам қайраткері Марфуға Бектемірованың атына көше берілді. Сал­та­натты рәсім­ге есімдері елге белгілі қаламгерлер мен жырын жаттаған оқыр­­маны қатысты.