Спорт • 19 Қазан, 2023

Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында  21 қазан – 4 қараша аралығында   бокстан жастар және  жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 

Астанада бокстан Азия чемпионаты  өтеді

Фото: olympic.kz

2005-2006 жылғы жастар мен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер Азия чемпионатының медалі үшін жекпе-жекке түсетін құрлық  чемпионатына 23 елден 500-ге тарта боксшы  қатыспақ.  Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты бұған дейін елімізде 2016 жылы  Павлодар қаласында өткізілді. Азия  чемпионаты Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы және  Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024