Көрме • 19 Қазан, 2023

«Біздің» ішіндегі біз

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында жас қылқалам шебері Екатерина Артемьеваның жеке көрмесі ашылды. Ашылу рәсіміне жергілікті зиялы қауым өкілдері, студенттер мен көркемсурет мектебінің шәкірттері қатысты.

«Біздің» ішіндегі біз

Жалпы атауы «Біз» деп аталатын экспозицияға автордың портрет жанр­ында салынған 40-тан астам туындысы қойылған. Салтанатты рәсімге келген өнертанушы мамандар жастығына қарамастан Екатеринаның өзіндік қол­таң­басы айқындалып қалғанын, бола­шағынан үлкен үміт күттіретін дарынды суретші екенін айтты.

рее

Жас суретші, шығармаларында көбіне, қарындаш, гуашь, акварель және майлы бояу пайдаланған. Автор туындыларының тақырыбы да алуан түрлі болып келеді. Кенеп бетіндегі кө­ріністердің көркемдік ерекшелігі тіпті керемет. Екатерина қазақ да­ла­сындағы мамыражай тіршілік кө­ріністері, тарихи тұлғалар, ұлттық салт-дәстүр тақы­рыптарына да бойлап барып, ғажайып шығармалар тудырып жүр.

епп

Автор шығармашылығының тақы­рыптық ауқымы кең екені бірден көзге ұрып тұр. Екатеринаның қаламынан шыққан портреттерде бүгінгі қоғамның жарқын тұстары, жарасымды тіршілік пен адам өміріндегі шуақты сәттер, заман­дастар арасындағы жылылық сияқты мәселелермен қатар, қарапайым қарттардың, жұмысшылардың, ас үйдегі бақытты әйелдің бейнелері шынайы көрініс тапқан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме қазан айының соңына дейін жұмыс істейді.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024