Спорт • 24 Қазан, 2023

Олжас Оразәліұлы – жазғы Азия Пара ойындарының чемпионы!

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында спортшыларымыз мерейімізді асырып жатыр. Дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақта белдесуге түскен Олжас Оразәліұлы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Олжас Оразәліұлы – жазғы Азия Пара ойындарының чемпионы!

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

J2 санаты бойынша  күрескен Олжас финалдық белдесуде өзбек спортшысы  Феруз Саидовты айқын ұтты.

«Парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын», деді  Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024