Спорт • 24 Қазан, 2023

Азия Пара ойындары: Дзюдошылар үш қола алды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан парадзюдошылары қоржынға үш қола жүлде салды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия Пара ойындары: Дзюдошылар үш қола алды

Үшінші орын үшін өткен күресте Қазақстан спортшысы Бауыржан Арыстанбеков 90 кг салмақ дәрежесінде Индонезиядан келген балуанды ұтып, қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз Динара Куджулова 70 келіге дейінгі салмақ бойынша үшінші орын үшін өткен сайыста өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Медаль үшін өткен белдесуде Үндістаннан келген спортшыны жеңген Қазақстан спортшысы Даяна Федосова 57 кг салмақ дәрежесінде үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024