Теннис • 06 Қараша, 2023

Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің бас жүлдесін еншіледі. Жағымды жаңалықты Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды

Фото: news.myseldon.com

Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте отандасымыз брейк жасай білді – 6:3.

Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, америкалық қарсыласын артта қалдырды – 4:2. Ақыры қазақ спортшысы матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

р