Спорт • 08 Қаңтар, 2024

Елена Рыбакинаның қанша сыйақы алғаны белгілі болды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен отандасымыз Елена Рыбакинаға жеңісі үшін қанша сыйақы берілгені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакинаның қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Маңызды доданың финалдық сайысында әлемдік рейтингте 2-сатыда тұрған Беларусь елінің әйгілі теннисшісі Арина Соболенконы жеңген Елена 220 мың АҚШ долларына қоса рейтингтік 500 ұпай иеленді. Соболенко финалда сүрінгендіктен 135 мың доллар және 325 ұпай жинады.

Австралияның Аделаида қаласында бүгін Adelaide International турнирі басталады. Е.Рыбакина да осы додада бағын сынайды.