Теннис • 19 Ақпан, 2024

Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. 

Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды

фото: https://ktf.kz/

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған Қазақстан спортшысы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті.

Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында тағы бір отандасымыз Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6.

Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.