Инвестиция • 29 Наурыз, 2024

Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орын­басары Роман Склярдың төраға­лығымен Инвестиция тарту жөнін­дегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Инвесторларға көмірсутектерді геологиялық барлау саласындағы тауарларды сатып алу тәртібін бекіту құқығын беру туралы мәселелер талқыланды. Бұл Ережелер қажетті геологиялық барлау жұмыстарын жылдам жүргізуге және кен орындарын өнеркәсіптік игеруге енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ республика аумағындағы аэрогео­физикалық жұмыстардың жобасы туралы мәселе қаралды. Бұл – ел аумағын геофизикалық картаға түсірудің қолжетімді және жеделдетілген құралы.

Отырыста сондай-ақ геологиялық-геофизикалық зерттеулер саласындағы жекелеген инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Өңірлік деңгейде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы қаралды. 2023-2029 жылдарға арналған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін 80 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды. 2023 жылы 45 жоба іске қосылды, оның ішінде медициналық орталықтар, кірпіш зауыты, асфальт-бетон зауыты, қонақүй құрылысы, сондай-ақ катушкалар мен жұмсақ контейнерлерге арналған фланецтер өндірісі сияқты ірі жобаларды атап өтуге болады.