Музей • 26 Сәуір, 2024

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты тифло­музей жобасының зағип азаматтарға QR-код арқылы ұйым­дастырылған арнайы бұрыш ашылды.

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

Аталған игі іске Жамбыл облыс­тық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітап­ханасы ұйытқы болды.

«Тифломузей» жобасы­ ар­­­­­қы­лы зағип азаматта­ры­мыз ке­ңіс­тікті шарлау қабі­летін қалып­тас­тыруға қол жеткізсе, замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға смартфонға жәді­гер­­­дің кодын енгізу арқылы орта­ғасырлық дүниеге саяхат жа­сауға мүмкіндік береді.

см

Салтанатты шарада арнайы бұрыштың лентасын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Нариманұлы мен Байзақ аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Еркін Жалғасұлы қиып, жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.

Ендігі кезекте ауданының тарихымен танысуға келген әрбір зағип жан музей қонағы бола отырып, халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құн­дылықтары мен тарихын терең таныса алады.

 

Айнагүл МАМЫТБЕКОВА,

Жамбыл облысы, Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024