# Бизнес

Бизнес • 24 Сәуір, 2024

Ботагөздің берекелі бизнесі

Тәуелсіздіктің елең-алаңында бұрынғы қоғамдағы экономикалық байланыстың бауы күн сайын бырт-бырт үзіліп жатқанын көре тұра көңілдері сенбей «Үкімет өлтірмейді» деген әлсіз үмітті малданып, аяқтарының басын қайқайтып жатып алған талайларды көріп едік. Енді сол масылдық міндетті кейінгі кезде туған балалардың бойынан байқағанда жаның түршігеді. Мемлекет оқытып, кәсіпке баулуға мүмкіндік беріп отырғанда миындағы миллиондарды ойша санап, саусағын қимылдатпай теңге тапқысы келетіндер көбейгені ойлантады.

Бизнес • 22 Сәуір, 2024

Кәсіпкерлер қызығушылық танытып келеді

Табиғаты тартымды, өнеркәсіпке қолайлы өңір Алматы облысының инвестициялық тартымдылығы уақыт өткен сайын жоғарылап келеді, деп жазады Egemen.kz. 

Бизнес • 18 Сәуір, 2024

Кәсіпкер әйелдерге арналған жаңа бағдарламаға 10 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда өз кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдер қауымы артып келеді. Олар отбасы мен бизнесті қатар алып жүруге шамалары жететінін қоғам алдында дәлелдеп отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Бизнес • 04 Сәуір, 2024

Ірі кәсіпорындар бизнесті қолдауға тиіс

Отандық өндірісті ынталандыру үшін Премьер-министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жа­са­латын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды. Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүр­г­ізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ бел­деуін құру және олармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу мін­деті бекітілген.

Бизнес • 02 Сәуір, 2024

Бизнесті қорғау жобасы

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керек екенін айта келіп: «Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек», деген болатын. Жалпы, бизнесті қорғау – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Оның бір мысалы – жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы.

Бизнес • 01 Сәуір, 2024

Бизнесті қорғау басымдығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы бизнес өкілдерімен кездесуінде бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары қызме­тіндегі кемшіліктерді сынға алды. Олар кейде артық қыламын деп тыртық қылатынын, тіпті рейдерлік әрекеттерге жол беретінін айтты.

Бизнес • 14 Наурыз, 2024

Жастардың алты мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді

2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді. «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бизнес • 08 Наурыз, 2024

Бизнес әлеміндегі бұрымдылар

Соңғы онжылдықта кәсіпкерлік саласында әйелдердің табысты кейстерін көзіміз жиі шалатын болды. Әрине, табысқа жетудің сан түрі бар. Бірі өз бетінше дағдыланса, бірі қандай да бір ұйымдардың қолдауымен жетіліп жатыр. Осы орайда нәзік жандардың қарым-қабілетін дамытуға жол ашқан «TechnoWomen» қауымдастығын айырықша атап өтсек болады.

Бизнес • 06 Наурыз, 2024

Бизнеске несие беру динамикасы

Жаңа бизнеске арналған несиелер көлемінің өсімі айқындалған межеден 20%-ға асқан. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы ұсынған мәлі­метке сүйенсек, былтыр кәсіп­керлік субъектілеріне банктер тарапынан 16 трлн теңге қаржы берілген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге көп.

Соңғы жаңалықтар

Бірлік қағидаты

Сұхбат • Бүгін, 16:35

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Пікір • Бүгін, 16:31

Діні бөлек, діңі бір

Экология • Бүгін, 14:52

Фото