# Сенат

Сенат • 03 Мамыр, 2024

Сенат төрағасының қатысуымен орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор өз жұмысын бастады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және бір топ сенатордың қатысуымен Палатаның Жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысының әкімдігінің бірлескен іс-қимылы аясында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 03 Мамыр, 2024

Көктемгі қарекет кешіге ме?

Сенаттың жалпы отырысында сенатор Арман Өтеғұлов бастаған бір топ депутат Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Мұндағы негізгі мәселе – өңірлердегі су тасқынының салдарынан кешіккен көктемгі егіс жайы. Рас, қазір Үкімет төтенше жағдайлардан болған шығынның орнын толтыру үшін бар мүмкіндікті қарастырып жатыр. Дегенмен де көктемгі егіс науқанының кешігуі күзгі жиын-теріннің сапалы болуына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан су шайған өңірлердегі жердің геоботаникалық жағдайының төмендегені, оған құнарландыру жұмысы қоса жүруі шарт.

Сенат • 02 Мамыр, 2024

Сенатор төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды

Жергілікті әкімдіктер тасқын суға дұрыс дайындала алмады. Су тасқыны, жаңбыр мен еріген қар суынан инженерлік қорғау шараларын өткізуде салғырттыққа жол берілді. Сондықтан тасқын суды болдырмауға немесе қаупін азайтуға мүмкіндік болмады. Бұл туралы мәселе қозғаған сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 02 Мамыр, 2024

Сенаторлар цифрландыру және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері туралы заңды мақұлдады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы барысында сенаторлар депутаттардың бастамасымен әзірленген «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 02 Мамыр, 2024

Сенаттың жаңа депутаты ант берді

Сенаттың жаңа депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 30 Сәуір, 2024

Сенатта «Ауыл Аманаты» жобасын жетілдіру мәселесі қаралды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен кездесті. Жиын барысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 25 Сәуір, 2024

Мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілген түзетулер мақұлданды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Парламент депутаттарының бастамашы болуымен әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 25 Сәуір, 2024

Сенатқа жаңа депутат қосылды

25 сәуірде Қызылорда облысында Парламент Сенатына депутат сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Наурызбай Байқадамов сайлаушылардың 78,91 пайыз дауысын жинап, сенатор болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 18 Сәуір, 2024

Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар

Азат елдің айбынды армиясы

Сұхбат • Бүгін, 09:10

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Қазақстан • Бүгін, 09:00

Дрондар дәуірлеп тұр

Айбын • Бүгін, 08:37

Фото