Астанада «Алаш» партиясына қатысты архивтік құжаттар таныстырылды

Өткен аптаның соңы жұма күні елорда төрінде тағы бір маңызы зор тарихи-мәдени шара ұйымдастырылды. 

Егемен Қазақстан
09.10.2017 4569
2

Атап айтқанда, биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған «Алаш» партиясы мен «Алашорда» халықтық кеңесінің іс-қызметіне қатысты архивтік құжаттар таныстырылымы өтіп, сонымен бірге Астана қаласы мемлекеттік мұрағат басқармасының мұрындық болуымен «Алаш: замандастар көзқарасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын аяқтады. 

Басқосуға Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары мен Том, Ташкент, Қазан қалаларынан мұра­ғатшы-ғалым­дар шақырылып, олар Алаш қай­рат­керлеріне байланысты тақы­рыптық баяндамалар жасады. Ресей Федерация­сы Том облысы Мемлекеттік мұрағат құжат­тарды пайдалану және жариялау бөлімі­нің жауапты археографы Татьяна Шульга 1917 жылдың 8-17 қазан ара­лығында Том қаласында өткен І Сібір облыстарының құрылтайына қатысқан алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, т.б. жайлы сақталған архив құжаттарымен таныстырса, Өзбекстан Мемлекеттік мұрағат орталығының аға ғылыми қызметкері Шохида Давурова, қазақ­тан шыққан алғашқы ағартушы-заңгер Бақытжан Қаратаевтың ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановқа жазған хаттары туралы тың мәліметтер келтірді. Сонымен қатар өзбек мұрағатында Барлы­бек Сыртанов, Отыншы Әлжанов, Тұрсынбай Саурамбаевтың үйін тінту­дің мақсаты туралы құжаттарды және қазақ инженері Мұхамеджан Тыныш­паевтың 1920 жылы Қырғыз институты комитетіне математикадан сабақ беруге келіскені жайлы мандаты сақталғанын айтты.

Капитан Тоқтамышевтің қолы қойылған хат

Татарстандық мұрағатшы Гузель Фаезова Қазанда оқыған қазақ­тар­ға қатысты ақпаратпен көпшілікті қанықтырды. Бұл деректердің дені бұған дейін қазақстандық зерттеушілер тарапынан қаралған, зерттелген, жазылған дүниелер.

Дейтұрғанмен, жиынға қатысу­шы­ларды қызықтырған дүние – Семей қала­сындағы «Қазіргі заман тари­хын құ­жаттандыру» мекемесінен және Қарағанды облысы мемлекеттік мұра­ғатынан әкелінген құжаттар. Әсі­ресе семейлік жәдігерлердің әрбірінің астарында терең тарих, халқының баян­ды болашағы үшін басын бәйгеге тік­кен арыстардың еңбегі жатқаны анық. Өйткені Семей қаласының бір бөлігі, нақтырақ айтсақ, Ертістің сол жақ қапталы 1917 жылдан бастап 1927 жылға дейін «Алаш қаласы» (бұрынғы Зареч­ная Слободка) деп аталды. Яғни, Алаш арыстарының басы қосылып, ұлты үшін отқа түскен ордасы осы жер. 

"Алашорда" халықтық кеңесінің хаты. 1918 жыл

Жоғарыда атап өткеніміздей, 1917 жылы қазан айында Томдағы сібір­ліктердің сиезіне қатысып, келесі кезекте қазақ қамын ақылдаспаққа Семейге келіп түскен Әлихан Бөкей­ханов­ты қаптаған ел-жұртпен бірге қарсы ал­ған 24 жастағы ақын Сұлтанмахмұт Торай­ғыровтың:
Көш бастаған еріміз,
Көкіректен кеткендей,
Сізді көріп шеріміз,
Алаш туын қолға алған,
Қараңғыда жол салған,
Арыстаным келіңіз! – деп күңірене жырлайтыны да осы кез. 

Сөйтіп Семейге келіп жиналып, ел болудың қамына кіріскен алаштықтар әуелі Алаш атты әскерін құруды қолға алғаны белгілі. Біз құжаттар арасынан аталған жасақты құру туралы ұйымдасқан адамдардың тізімі мен атты әскер полк командирі капитан Тоқтамышевтің қолы қойылған хатты және Алаштың көзі мен құлағы болған «Сарыарқа» газетінің 1919 жылғы санының алғашқы бетін көріп қалдық.

Бұлардан басқа көрме сөресі­нен алаш қайраткерлерінің бірі А.Қозы­бағаровты тұтқындау туралы ордер, Х.Ғаббасовтың қызметі жайлы кәр­тішкесі, 1906 жылы Ә.Бөкейхановтің 10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында түрмеге алынғанына қатысты анықтама, «Алаш» партиясының 5-ші далалық сайлау округіне қатысушылардың тізімі, Алашорда халық кеңесінің Семей уездік земство басқармасының 1918 жылы жазған бір топ хаттары, сонымен бірге Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, М.Тұрғынбаев, Х.Ғаббасов, М.Тынышпаев сияқты алаш арыстарының жеке-жеке іс-папкалары, Халел Досмұхамедовті Түркістан комиссиясының мүшелігіне тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі, т.б. құнды құжаттарды көріп, көзайым болдық.
Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағат мекемесі алаш ардақтысы құқықтану магистрі-заңгер Жақып Ақпаев туралы бұрын-соңды қоғамдық талқыға түспеген тың құжаттарды әкелген екен. Бұл дүниелерді Ресей және еліміз архивтерінен жинақтап, тапсырған қазіргі сенатор Бірғаным Әйтімова. 

"Сарыарқа" газетінің 1919 жылғы саны 

Астана қалалық мемлекеттік мұра­ғаты өз қорында тұрған қоғам қай­рат­кері Сәкен Сейфуллин мен Мағ­жан Жұмабаевтың Омбы мұғалім­дер семинариясында оқып жүрген кезін­­дегі құжаттарын, алаш азаматтары Н.Нұр­мақов, М.Сейітов, А.Бірім­жанов­тың жеке-жеке жинақталған іс-парағын көрер­менге ұсыныпты.

Алашқа қатысты құжаттар мұнымен шектеліп қалмайды. Бізге арнайы сұхбат берген Семей қалалық «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Лаура Қадырова өздеріндегі мұрағат қорында жоғарыдағы жәдігерлерден басқа Алаш атты әскеріне 18 болыстан шақырылған 430 сарбаздың аты-жөні жазылған тізім және сарғайған қағаз беттерінде «Алашорда» үкіметінің мөрі (мәтіннің орысшасы кирилл, қазақшасы араб графикасымен жазылған) сақталғанын айтып өтті.

Маңызды жиынды қорытындылаған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этно­логия институтының директоры Зия­бек Қабылдин тарихты тану деге­ні­міз – жай сөз емес бүгінгідей құжат­талық деректердің дәлелі екеніне, сон­дай-ақ биылғы алаштың даталы мере­кесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласымен үндесіп жатқанына, оның қоғам­дық маңызын арттырып тұрғанына тоқ­талды. Конференция қонақтары баян­да­машылардың пікірін тыңдау­мен қатар тақырыпқа қатысты деректі фильм­дерді де тамашалады. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу