Қаралы жиын басында имам сөзі хақ болар

Жаназаға сап түзеген халықтың алдына шыққан имам жұртқа арқа­сын беріп, екі қолын айқастыра ұс­тап іштей дұғасын оқып, бір сәт үн­сіз қалды. Күллі әлем мүлгіді. Кенет ең алдыңғы қатарда тұрған әлде­кімнің қалта телефоны безілдеп қоя берді.

Егемен Қазақстан
22.11.2017 209
2

«Махаббаттың құдірет күші әлдилеп...» Иесі рингтонға кәдімгі «Дос-Мұқасанның» «Той жыры» әнін бар нақышымен жүктеп алған екен.

 Жабырқаулы жұртты әрі-сәрі қылған қалта телефон, қолдан қолға өтіп, түймесі әрең басылып, үні әрең өшіп, иесіне қайтып оралды-ау дегенде, әлгі саз қайта басталды... Барша қауымды ыңғайсыз күйге ұшыратқан осы құбылысты елең қылмай қоштасу дұғасын сабырмен аяқтаған имам жұртқа қарап, «Уа, жамағат! Алла та­ғалам сауаптан жазсын, әлгінде бар­шаңызға қалта телефондарыңызды өші­ріп қойыңыздар деуді ескертпеппін. Кешіріңіздер...» деді. Имам айтпаса да істелінетін қаракеттер ғой. Десе де жап-жас иманжүзді имамның бұл ұлағатына жұрт өте-мөте тәнті болып қалысты.

Маған бұған дейін тілші ретінде жаназа жайлы қалам тербеймін-ау деген ой келмепті. Бүгін жазуға тура келіп тұр. Оған бір ғана Талғардағы жаназа үстіндегі «Той жыры» себепші емес, әрине... Жаназа үстінде өзіміз үнемі куә болып жүрген кейбір жайсыз жайттар дер едім. Қандай да әулет болмасын ерте ме, кеш пе қаралы жайтты басынан кешері анық. Абайша айтқанда «Өлу үшін туғансың ойла, шырақ» дегендей, өзекті жанға өлім бар. Біреу дүниеге келеді, біреу бақилық боп жатады. Ол – өмір заңдылығы. Міне, Алматының қақ төрінде кеше ғана арамызда жарқылдап жүрген арыстай азаматтан айырылып, басымыз иіліп тұрмыз. Биік тас қамалмен қоршалған онсыз да тар аулаға адам лық толды. Жұрт алдына тосын шыққан имам дауыстап «Жамағат, жаназаға дайындалыңыздар» деді де, іле «Араларыңызда дәрет алмағандар болса, былай шығыңыздар» деп оң қол жағындағы оймақтай орынды бұйыра нұсқады. Бейне сыныптағы «Үй тапсырмасын орындамағандар былай бұрышқа шығып тұрыңдар!» дейтін қатал ұстаз дерсіз. Жаназаға кім дәретсіз келетін еді, айтыңызшы?! Имамның мұны білмегені ме? Талғардағы қазанамада «Той жыры» бейуақытта білместіктен үш рет айтылса, мына имам күллі жұрттың алдында әлгі бұйрықты төрт рет қайталады.

Қапас қоршауда онсыз да орын таппай тыпыршыған жұрттың мазасын қашырған имам ер-азаматтың біреуі ортаға шығып, «мен бүгін дәрет алған жоқ едім» деп, ерлер мен әйелдер арасында ол ұсынған «қара белдеуге» барып тұрады деп ойлады ма екен? Абырой болғанда іштен мәйіт көтергендер шығып, имам тыншыды, «дәретсіздерді» ұмытты. Әркімнің діни біліктілігі әрқилы болғандықтан ешкім әлгі имамды этикасыз қылығы үшін жазғырмады, сөкпеді. Мүмкін ол шариғат талаптарына бағынған шығар?! Әйтсе де менің бала кезімнен есімде сақталғаны – бейіт басына балалар мен әйелдер бармайтын. Оны әркім-ақ білетін. Мәселе тағы да сол балалардан басталды.

Зират басындағы күрек ұстап қара жамылған нөпірдің үн-түнсіз іс-әрекеті 5-6 жасар үш баланың ішін пыстырды, төмпешіктен (бейіттен) сырғанай жарысып, «Я первый... я первый...» деп біраз шуласты. «Тәйт» деген пенде жоқ. Имам да үнсіз. Мен сияқты талай жанның айтары ішінде қалды. Баршамыз құлақ қойған уағызының арасында қатал-имам «ата-бабаларымыз қабір басына балалар мен әйелдерді алып баруға болмайтынын ерте бастан айтқан емес пе?! Міне, зират басындағы бала тірлігін өздеріңіз де көріп тұрсыздар» деуі керек еді. Тар ауланың ішінде барша ер-азаматтың «апшысын қуырған» имамның өресі соны айтуға жетпеді, ғапу өтінемін... «Неге?!» деген өкінішті ой құшағында қалдық. 

Ұзынағашта жаңадан бой көтерген 3000 орындық зәулім мешітте Әли есім­ді имам ініміз, Алла разы болсын, бізге пышақтың қырындай бір кі­тап ұсынды. Кітаптың аты – «Жаназа және жерлеу рәсімдері». Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жа­зыл­ған. Кітаптың мақсаты – діни рә­сім­дердің атқарылуында кездесетін қа­ра­ма-қайшылықтарды жойып, орындалуын бірізділікке түсіру, жамиғатқа бірдей бірыңғай үкімдерді жеткізу екен. «Өйткені мұсылмандық діни рәсімдердің түп негізі – шариғат үкімдері» дейді кі­тап әрі көпшілікті толғандырған кез кел­ген сұраққа жауап береді. Ол нақты шариғи дәлелдермен, дәйектемелермен нақтыланған. Өмірлік талай түйткіл шешімін әдемі тапқан. Ендігі жерде бұл кітап қолына тиген ешбір имам жұрт алдында «өзім білемдікке» салынбайды. Білгенге – үстеме, білмегенге – үлгі. Өйткені жер-жерде имамның іс-әрекеті – ұлағат. Қаралы жиын басында имам сөзі хақ болар! Бұл кітаптың қолымызға тигендегі қуанған жайымыз сол еді... 

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу