Медицина • 24 Қараша, 2017

Жамбылдық теміржолшы жүзге толды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл вагон депосында қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен қызметкер Темирян Шаңғараев жүз жасқа толды. Ұлы Отан соғысы мен темір жол ардагерін өңірдегі темір жол бөлімшесінің басшылығы ұжым атынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. 

Жамбылдық теміржолшы жүзге толды

«Жамбыл жол бөлімшесін­де Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалыс­қан ардагерлердің саны 14 адамды құрайды. Сұра­­пыл соғыста от кешкен көзі тірі жауын­­­герлердің бірі – қарт темір­жол­­шы Темирян Шаң­ғараев ға­сыр­лық мерейтойын ата­­мақ. Күн санап қатары сире­ген осын­дай қазыналарымызды құр­мет­теу – ұрпаққа парыз», дей­ді қарт сарбазды құттықтай бар­ған «Құр­метті теміржолшы», Жам­был жол бөлімшесі ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Сағымбек Ақшалов. 

Жүз жасқа толған ақсақал ая­ғын нық басып, қонақтарын қоше­метпен қарсы алды. 1917 жылы Баш­құртстанда туып, 19 жа­сын­да әскер қатарына алынған сар­баз Жеңіс туын көтеруге үлес қос­қанын мақтан етеді. Соғыстан соң елге аман-есен оралып, Жам­был ва­гон пай­далану депосында зей­нет­ке шық­қанға дейін табанды еңбек етеді. 

«Әкеміз тоғыз перзент сүйіп, барлығымызды аяқтандыру үшін аянбай тер төкті. Өзі өте еңбекқор, тіпті денсаулығы сыр берсе де дәрі-дәрмекке жүгін­бейді. Осы жасына дейін ақ халат­тылардың көмегіне зәру бол­ған емес. Алайда қазіргі кезде жүріп-тұруы қиындаған соң менің ұлым жағдайын жасап отыр», деді қызы Дания. 

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»