Barclays банкі Касперскиймен байланысын үзді

Егемен Қазақстан
07.12.2017 8119

Ұлыбританиядағы белді банктер­дің бірі Barclays бұдан былай ре­сей­лік Kaspersky антивирустық бағ­дарламаны қолданбайтынын хабарлады. Банк таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай шешімге келуге антивирустық бағдарлама шпиондық әрекет жасады деп күдіктену себеп болған екен. 
BBC арнасының мәліметіне сүйен­сек, Ұлыбританиядағы кибер-қорғаныс өкілдері ресейлік компанияның өнім­дерін қолданбауға шақырған. Осыған байланысты банк өзінің 290 мыңға жуық тұтынушыларына Касперский ан­тивирустық бағдарламасынан бас тартатыны жөнінде ақпарат жі­бе­ріп­ті. Әйтсе де, Barclays ең әуелі үл­­кен бизнес иелерін антивирус­ты қол­данбауға шақырып отыр. Банк та­рат­қан ақпаратта қарапайым қол­да­нушылардың алаңдауына негіз жоқ екені айтылған. 
Кейінгі кезде Касперский компаниясы америкалық медиа тарапынан шпиондық жасады деп айыпталған бо­латын. Осыған байланысты Ұлы­бри­тания үкіметі құрылымдық департаменттерге антивирустық бағдарлама­ның ұлттық қауіпсіздікке нұқсан кел­тіруі мүмкін екенін ескертіп, одан бас тартуды ұсынған. 
Касперский компаниясы айып­таулардың бәрін жоққа шығарып отыр. BBC арнасына берген сұх­батында компания басшысы Евгений Касперский ешкімге шпиондық жасамағанын, Ресей билігінің өзде­ріне сөзі жүрмейтінін жеткізген. Оның айтуынша, Кремль тарапы де­рек­тер сұрататын болса, компания одан бас тартып, шетелге көшіп кетеді. 
Касперскийдің әлемде 400 миллионнан астам тұтынушысы бар. Бұған дейін де америкалықтар компанияны шпиондық жасады деп күдіктенген-ді. Сол кезде де антивирусты жасаушылар тағылған айыптың негізсіздігін мәлімдеген болатын. 

 

Қаржы нарығы дағдарысқа ұшырауы мүмкін

Әлем елдері 2007-2008 жылдар­дағы экономикалық дағдарыстың салдарынан толық құтылған жоқ. Әйтсе де, сарапшылар жаңа экономикалық дағдарыстың шартарапты шарпуы мүмкін екендігін алға тартып отыр.
The Bank for International Settlements-тің (BIS) деректеріне сүйенген The Guardian газеті қазіргі таңда жаһандық экономиканың жағдайы 2007-2008 жылдардағы қаржылық дағдарыстың алдындағы кезеңге өте ұқсас екенін айтады. Басылымның хабарлауынша, АҚШ федеральдық резерві мен Bank of England-тің мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында пайыздық мөлшерді көтеруі сәтсіз аяқталған. Нәтижесінде қарыздың көлемі ұлғайып барады. The Guardian басылымы мұның соңы жақсылықпен аяқталмауы мүмкін екенін жеткізген. 
BIS банкінің басшысы Клаудио Борионың пікірінше, орталық банк­тер пайыздық мөлшерді қайта қарап, қарыздың өсуін баяулатуға маңыз беру керек. Өйткені ұзақ мерзімге аз па­йызбен көп ақша алу әлі тоқтаған жоқ. Оның үстіне, жергілікті және шетелдік валютамен қарыз алу да жоғары деңгейде. The Guardian газеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, банктердің бір жыл ішінде берген қаржысы мен түскен пайдасы бір-біріне сай келмей тұр. 
К.Борио қазіргі кездегі қаржы на­­рығы үлкен дауыл алдындағы ты­ныштық жағдайында тұрғандығын жоққа шығармайды. Мұндай пікірді Ұлыбританиядағы танымал қордың бірі Woodford Investment Management компаниясының негізін салушы Нэйл Вудфорд та ұстанады. Оның айтуынша, қаржы нарығындағы дағдарыстың кесірінен миллиондаған адам зиян шегуі мүмкін. 
«Қазіргі таңда біз тарихтағы ең үлкен қаржы саясатының сынақтан өтіп жатқанына куә болып отырмыз. Инвесторлар тәуекелді ұмыт­қан­­дықтан, құнды қағаз нарығы ин­фля­цияға ұшырауының ықтималдығы жоғары», дейді Н.Вудфорд.
Сарапшылардың қауіптенуі бекер емес. Бүгінде қаржы және банк жүйесі бұрынғыға қарағанда бір ізге түскендіктен, берілетін қарыз мөлшері де айтарлықтай өскен. Мұның тиімді жағы болғанымен, жа­һандық қарыздың көбеюі қаржы нарығын әлсіретеді. 

 

Ең ірі әскери дайындық

Америкалық және Оң­түстіккорея­лық әуе­ күштері бұрын-соң­ды болмаған ең үл­кен жаттығу жиынын бастап кетті. Не­гізі екі ел бірлесе жасайтын жаттығу жыл сайын желтоқсанда басталып, ақпанға дейін жалғасады. Time журналы бұл жолғы жиынның кең көлемде өтуі Солтүстік Кореяның таяуда тағы бір баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуімен байланыс­ты екенін хабарлады. 
«Сергек соққы» деп аталатын жат­ты­ғу жиынына АҚШ-тың маңдайалды F-22 Raptor әскери ұшағының алтауы тартылған. Сонымен қатар радарға түс­пейтін F-35 ұшағы да тәжірибеден өтпек. Жалпы, жиынға 230-дан астам ұшақ қатысады. 
«Әуе және теңіз күштерінен құралған америкалық 12 мың сарбаз Оңтүстік Кореяның әскеріне қосылды. Ұшақтар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен сегіз полигонында сынақтан өтпек. Жаттығу Корея түбегіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға, әуе күштерінің дайындығы мен қабілетін анықтауға арналған», дейді Time журналы.
Көрші елде болып жатқан әскери жаттығу Солтүстік Кореяның қиты­ғына тиген сыңайлы. КХДР тарапы жиынды арандатушылыққа балап отыр. Рейтер агенттігінің хабарлауын­ша, Пхеньян билігі Америка президенті Дональд Трамп пен «Сергек соққы» аймақтағы жағдайды ушықтырғанын мәлімдеген. 

Шолуды дайындаған 
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

25.06.2018

Сенат комитетінде білім беру мәселелері туралы заң жобалары қаралды

25.06.2018

Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысының Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды

25.06.2018

«Біліммен – болашаққа» түлектер кездесуі өтті

25.06.2018

Қырымбек Көшербаев: Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы»

25.06.2018

Тартылыс заңы немесе туристерді тамсандырған шаһар

25.06.2018

Ұлттық домбыра күні Астанада «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуені өтеді

25.06.2018

Сенат Төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

25.06.2018

Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ жетекшілерімен кездесу өткізді

25.06.2018

Бессайыстан әлем кубогы аяқталды

25.06.2018

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті

25.06.2018

1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері артады

25.06.2018

Тәртіпті таксидің жұлдызды шағы

25.06.2018

Сағынтаевтың қатысуымен Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі талқыланды

25.06.2018

Семейде Сабантой мерекесі облыстық деңгейде тойланды

25.06.2018

Мың бояулы шаһардың бір күні

25.06.2018

ҚР ЕХӘҚМ базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді

25.06.2018

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

25.06.2018

Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды

25.06.2018

77 жылдан соң оралу

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Асқақтатам деп, аласартып алмайық

Бір әріптесіміз көгілдір экраннан «тақыр жерде тұрғызылған қала» туралы көсіліп сөйлеп тұр. Тақырып Астана туралы екен. Мерейтойы иек астына келіп қалған шаһарды мақтауға теңеу таппай қатты қиналса керек, тілінің ұшына оралған тіркестің түрі әлгіндей.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу