Екінші Орталық Азия агротехнологиялық саммитінде қандай мәселелер қозғалды?

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың агро­өнеркәсіптік кешенді инновациялық бағытта дамыту тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университеті жыл сайын Орталық Азия агро­тех­нологиялық саммитін ұйымдастырып келеді.

Егемен Қазақстан
22.12.2017 22209
2

ҚазҰАУ базасындағы Агро­тех­нологиялық хабтың ұйым­дастыруымен ағымдағы жыл­ғы 8 желтоқсан күні Алма­тыда кезекті  екінші Орталық Азия Агро­тех­нологиялық саммиті өтті.

Халықаралық саммит жұмы­сы цифрлы технологияларға не­гіз­делген ауыл шаруашылығы, аг­рар­­лық сектордағы әлемдік тен­д­енциялар, агробизнесте стартап жобаларды іске асыру, ауыл шаруа­­шылығындағы маркетинг, мем­лекеттік қолдау және аг­рар­­лық білім беру мәселелеріне арналды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің келешегін сарапқа салған саммитке 137 жетекші кәсіпорын мен агроқұрылым, 108 мемлекеттік мекеме, 102 бизнес-құрылым, 44 ҒЗИ, 26 қаржы институты өкіл­дері, АҚШ, Германия, Қытай, Аус­трия, Жапония, Корея, Нидер­ланд, Италия және ТМД елдері­нің жетекші ЖОО мен ғылыми орта­лықтарының мамандары, ма­гист­ранттар, докторанттар қатысты.

Саммит қорытындысы бойын­ша отандық АӨК-ті иннова­ция­лық бағытта дамыту бойынша арнайы ұсыныс әзірленіп, ҚазҰАУ базасында озық білім мен ғылым трансфертіне жаңа мүмкіндіктер беретін тұрақты бағдарламалар­ды іске асыру бойынша Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің ұсы­нысы мақұлданды. Саммитке қа­­ты­су­шылар республиканың бар­­лық өңірлерінде ҚазҰАУ база­­сындағы Агротехнологиялық хаб филиалын құру туралы аймақ басшыларының ұсынысын бір­ауыздан қабылдады.

Халықаралық саммиттің н­егіз­гі ұйымдастырушысы Аг­ро­тех­нологиялық хаб бүгінде шет­елдік әріптестермен тығыз-қа­рым-қатынас орнатып, әлемдік стан­дарттарға сай бірлескен ин­но­вациялық жобаларды тиімді жүзеге асыратын халықаралық инновациялық зерттеу орталығы болып табылады.
Қазіргі уақытта Агрохабтың ауыл шаруашылығы ғылы­мы мен технологиялары бо­йын­­ша АҚШ ауыл шаруа­шы­лығы департаменті, Колум­бия, Корнель, Мичиган универси­тет­тері, Ита­лия­ның тұрақты ресурс­тар мен жаңа технология­лар агенттігі сияқ­ты ірі ор­та­лықтарымен әріптес­тікті жан-жақ­ты дамытып, Азия, Еуро­па­ның Даму және Дүниежүзілік банктерімен байланыс орнатты.

Агрохаб Голландияның Farm Frites, «Staay Food Group», БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен, Аграрлық несие корпорациясымен, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш агенттігімен, еліміздің белді ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобаларды іске асыруда.

Университеттің аталған бағыт­тар бойынша ғылым, білім, өндіріс интеграциясын дамы­туға негізделген жүйе­лі жұмыс­тарында Ауыл шаруа­шылығы ми­нистрлігі қолдау көрсетіп келеді.

Саммитте ҰҒА вице-прези­денті, академик, ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов жиынның модераторы ретінде агро­өнеркәсіптік кешенді инно­вациялық бағытта дамыту мәсе­лелері бойынша баяндама жасады. Ректор өз сөзінде агро­өнер­кәсіптік кешендегі әлемдік тен­ден­цияларға тоқталып, сала­дағы жаңа білім мен ғылым трансфертін тиімді іске асыру және заман талабына сай ауыл шаруашылығын цифрлы технологиялармен қамтамасыз ету мәселелерін атап көрсетті.

Пленарлық отырыста АҚШ-тан келген доктор Томас Селлучи ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жаңа технологияларды коммер­цияландыру үшін, ең алдымен, тұтынушылармен өзара тиім­ді серіктестік орнатып, аграр­лық нарық қажеттіліктеріне бейім­делген әзірлемелерді ғана ұсыну қажеттігін атап өтті. Ком­мер­цияландыруды тежеуші фак­тор­лардың бірі – ғылыми зерттеу нәтижелерінің өндіріске қол­жетімсіздігі. Оның айтуынша, коммерцияландыруға жаңа технологиялар мен жаңа өнім­дер ғана жатады және оларды өн­діріске жедел енгізіп отыру керек. 

Қазақстандағы Азия даму банкінің Тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли саммитке қатысушыларды АӨК-ті дамыту және оның бәсе­кеге қабілеттілігін артты­руға бағытталған банк бағдарла­ма­ларымен таныстырды. Ол тәжірибе алмасу алаңына айналып, шұғыл жағдайларда жедел әрекет етуге қажетті ақпараттар ағынымен алмасуды қамтамасыз етеді. Су хабының қызметі су ресурстарын қорғауға, су балансы, жердің тозуы мен топырақтың сортаңдалуы, мелиорация, суландыру, қуаңшылық, өңірдегі тұщы су көлемінің, өзендегі су деңгейінің төмендеуі бо­йынша мәселелерді талқылауға сарап­шыларды орталықтан тартуға, сондай-ақ барлық мүд­делі тұлғалар мен ұйымдарды оқыту мен ақпараттандыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Агротехнологиялық хаб директоры Марат Бексұлтанов жаңа технологияларды іздеуге, тартуға және әзірлеуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, ғылыми-зерт­теу жұмыстарын ынталандыруға, ғы­лыми зерттеу нәтижелерін ко­м­мер­цияландыруға, аграр­лық се­к­тор­дағы жаңа технология­лар­ды импорттауға басты назар аударды. 

Мичиган штаты универси­тетінің жаһандық өзгерістер мен Жерді бақылау орталығының жетекшісі, Қытайдағы бағдар­лама­лар офисінің директоры Джиягуо Чи саммитке қаты­су­шыларға климат өзгерісінің су, энергетика ресурстарына және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге әсер ететіні туралы айтты. Оның айтуынша, жаһандық сегіз мәселе бар. Ең басты мәселе – табиғи ресурстардың шектеулігі жағдайында Жер шары тұр­ғын­дарын тамақтандыру қажет­тігі. Ол әлеуметтік-эконо­микалық жүйедегі жаһандық өзгерістердің болып жатқанына, сондай-ақ Арал теңізі мәселесімен қатар, басқа да жедел шешімді талап ететін өзекті сұрақтарға тоқ­тал­ды. Бұл мәселелерді шешу үшін білімнің түрлі саласындағы интеграцияланған прогрессивті идеялар, инновациялық тәсілдер мен технологиялар қажет. 

Бұл тақырыпты Азия даму банкінің кеңесшісі Пламен Бозаков (Lahmeyer International GMBH, Германия) жалғастырып, су ресурстарын басқарудың интеграцияланған әдісі туралы айтты.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық ресурстарды сақтау агенттігінің орман және жайылым гидрологиясы бойынша жетекші докторы Кен Спает АҚШ-та жайылымдық жер­лерді бағалау және мал азы­ғы ресурстарын басқарудағы цифрлы құралдарды қолдану туралы әңгімеледі.
АҚШ-тың Корнель универ­ситетінің өсімдіктерді гене­ти­ка­лық зерттеу бөлімінің жетек­шісі Дженнаро Фазио Корнель селек­­циясының ең үздік екпе­л­ері негізінде ҚазҰАУ-дың Агро­хабы­мен бірлесіп «virus free» ал­масын отырғызу мате­риа­­лы­ның тұрақты өндірісі үшін тәлім­бақ құру жөніндегі ғылыми жобасы туралы айтып берді. Бұл тәжірибені Қазақстан жағ­дай­ларында қолдану алманың бактериалдық күйік және басқа ауруларының алдын алуға мүмкіндік береді.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Инвестициялық орталығының агробизнес бойынша жетекшісі Инна Пунда Қазақстан үшін де өзекті болып табылатын сүт сапасы­ның мәселелеріне тоқ­тал­ды. Ол ҚазҰАУ базасында сүт өнімі сапасын стандарттау және сүт­тің сапасы бойынша ре­ферент­тік зертхана құру қажет­­ті­лі­гін атап айтты. Ол үшін универ­си­тет­те бі­ліктілігі жоғары және тәжі­ри­бесі мол кадрлар жинақталған. 

«Агробизнесті қаржылан­дыру және оны дамыту» сессия­сы қатысушылардың қызығу­шылығын тудырды. Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері Т.Решетник және Н.Калмаматова банктің фермерлерді және ауыл­­шаруашылық тауар өн­дірушілерін өнімнің бәсекеге қа­білеттілігін арттыруда ша­ғын биз­нестің дамуына ықпал ету бағ­дар­ламаларымен таныс­­тыр­ды және банк пен аграр­лық кәсіп­орындар ынтымақ­тасты­ғының оңтайлы мысалдарымен бөлісті. 

«Полимедиа» ЖШС ақпарат­тық жүйелері бағытының жетек­шісі Николай Муравьев (Ресей) ауылшаруашылық нысандарын тиімді басқару үшін цифрландыру бойынша ахуалдық орталық құрудың және оны пайдаланудың келешегі бар екенін атап айтты. Құрылған орталық ҚазҰАУ агро­өнеркәсіптік кешендегі барлық үдерістерді тиімді басқаруға және ақпараттарды жедел алып отыруға мүмкіндік береді.

«Almaty Tech Garden» компа­ниясының басқарушы директоры Асқар Айтуов өз баяндамасында АӨК үшін кадрларды дайындау туралы, яғни бола­шақ маман өзі таңдаған ма­ман­дығына қарамастан, нарық­қа дайын кәсіпкер болып шығуы қажеттігін айтты. Бұған ҚазҰАУ-дағы стартап-жобаларды ұйымдастыру ықпал етпек. Мысалы, «Flyworx» компаниясы – дрондарды қолдану арқы­лы ауылшаруашылық жерлерін қашықтықтан барлаумен, «GreenPoint Marketing» талдау және маркетингтік зерттеумен, «UrbanGreen» қалалық типтегі инновациялық жылыжайларды іске қосумен, «DragonFly» дрондарды қолдануға және оларды жинақтап жасауды үйрету­мен айналысады. Сондай-ақ «Айболит» жедел ветеринарлық көмек көрсету, «Аквакультура», «Экопробиотиктер», «Шаруа­шылық деректері базасында компьютерлік модельдеу» және т.б. стартаптар жұмыс жасайды. 
Саммит жұмысы барысында проректор Қанат Искаков жетек­шілік ететін Еуразия техно­логия­лық университеті стартап­тары және MOST бизнес-инку­ба­торының жетекшісі Алима Ха­митованың жобалары көрсетілді. 

«Бизнестің жол картасы-2020» аясында «Даму» қоры ауыл­­шаруа­­шылық өндірісі мен өң­деу саласында шағын және орта биз­несті қолдау құрал­дары туралы баяндады. Жалпы, қор агро­өнер­кәсіптік кешенді қол­дау саласында 396,4 млрд тең­ге көлемінде 2048 жобаға қол­­дау көрсеткен. Осы бағытта Сол­түс­тік Қазақстан, Қарағанды, Ал­маты және Оңтүстік Қазақ­стан об­лыстарында жоғары эко­но­ми­калық тиімділікке қол жеткізілген.

«EurasiaGroup» компания­сының өкілі Василий Деменков «Нақты егіншілік: ақылды тех­никаны қолданудың жаңа мүм­кін­діктері» тақырыбындағы ауыл­шаруашылық менеджменті жүйесін ұсынды. Аталған жүйені қолдану өндіріс үрдісін барынша жоғары деңгейде басқа­ру­ға, жоспарлауға және тал­дау­ға, еңбек өнімділігін артты­руға, өнім­нің өзіндік құнын төмен­детуге мүм­кіндік туғызады.

«Apple World» ЖШС жобалау менеджері Арсен Рысдәу­летов баяндамасында айтыл­ғандай, жыл сайын үш оңтүстік облыста мыңдаған гектар аумақ­қа алма, жидек, сүйекті дақыл­дар отырғызылады. Бұл жерде отырғызылатын көшеттің сапасы, үдемелі бақша шаруа­шы­л­ы­ғының мамандармен қам­та­масыз етілуі, өсімдік қорғау құ­рал­дары мен фертигация әдіс­те­рінің орны зор. Жеміс шаруа­шы­­лығын кеңінен тарату және да­мыту мақсатында агротуризм, «Ал­маның гүлдеуі», «Алма өнімі», «Жеміс-көкөніс Pop-Up жәр­мең­келері» секілді үгіт наси­хат ша­раларын ұйымдастыру қажет. 

Орталық Азияның Өңірлік экология орталығы бағдарлама­ларының менеджері Тахмина Азизова өңір экономикасының даму мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Орталық Азияда 60 млн адам тұрады, 2050 жылға қарай осы көрсеткіш 90 млн адамға жетеді. Климаттың өзгеруі және инфрақұрылым дамуы­ның төмен деңгейіне байланыс­ты жалпы өнім 1%-ға өсетін болса, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мәселелер туын­дайды. Сондықтан ауыл шаруа­шылығы саласына ресурс­тар­ды үнемдеу технологияларын кең қолдану қажет. 

Саммит барысында мамандар инновациялық идеяларын ортаға салды, ноу-хоу жаңа­лықтар көп болды, әрбір қатысу­шы көке­йін­дегі сұраққа жауап тапқан шын мәніндегі іскерлік пікір алмасу болды. Әлемдік деңгейдегі білікті мамандармен бірлесе атқа­ры­лып отырған мұндай ауқым­ды шаралар еліміздегі ауыл­­шаруа­шылық өндірісін тұрақ­ты дамытуға, әлемдік нарық­қа шы­ғатын, экспортқа ба­ғыт­тал­ған, бәсе­кеге қабілетті өнім­ді арт­­тыру­ға ықпал етіп, ел­дің азық-тү­лік қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етуге едәуір септігін тигізбек.

Үкілай КЕРІМҚЫЗЫ, 
ҚазҰАУ Стратегиялық зерттеулер және агробизнес орталығының жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

20.09.2018

Кинематографияға қатысты құжат мақұлданды

20.09.2018

Қостанай университетінде ғалым Тобыл Дәулетбаев аудиториясы ашылды

20.09.2018

Қуатты қорғаныс көліктеріне сұраныс бар

20.09.2018

Жолақыны SMS немесе QR-кодтар арқылы төлеудің нәтижелері

20.09.2018

Интернеттегі шабуылдар үдеп барады

20.09.2018

Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті

20.09.2018

Интеграция мәселелері талқыланды

20.09.2018

Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?

20.09.2018

Қалам ұшындағы аманат

20.09.2018

Мағжан поэзиясындағы Ұлы Дала рухы

20.09.2018

Каспий жағалауындағы достық думаны

20.09.2018

Ынтымақтастық нығая түседі

20.09.2018

«Үйеңкінің түбінен үйіріп алған, қобызым»

20.09.2018

Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

20.09.2018

Ортақ мүддеге ұмтылыс

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу