Өнер • 18 Мамыр, 2023

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға келеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-28 мамыр күндері қазақ халқының рухани нышаны, жоғары мәдениет пен шеберліктің іргетасын қалаған, әлемдік атаққа ие болған туындылардың қойнауы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры атақты «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға келеді

Гастрольдік бағдарламада әйгілі итальян композиторы Джузеппе Вердидің «Травиата» екі бөлімді операсы мен хореография өнерінің жауhар туындылары – Родион Щедриннің өңдеуіндегі Жорж Бизенің «Кармен-Сюита» және Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған «Шехерезада» балеттері  сахналанады.

жэ

...