# Айбын

Айбын • Бүгін, 18:00

Қиын да қызық мамандық иелері марапатталды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР ҰҚК ШК Кинология басқармасына жаңадан қабылданған әскери қызметшілер ант қабылдады.

Айбын • Бүгін, 16:15

Әскери қызметшілер Сағадат Нұрмағамбетовты еске алды

  Отан қорғаушы күніне орай өтетін мерекелік іс-шаралар Алматыда дәстүрлі түрде бірінші қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының ардагері, бірінші Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанына гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап.

Көрме • Бүгін, 14:30

Президенттік орталықта бірегей көрме ашылды

3 мамыр күні Президенттік орталықта Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Атыс қаруы: тапанша тарихы» көрмесінің ашылуы өтті. Аталған көрмеде Президенттік орталықтың қор жинақтарынан тапаншалар топтамасы көрермен қауымға алғаш рет ұсынылды. 

Айбын • Бүгін, 09:40

Шеберлік пен шыңдалу мектебі

Биыл Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толады.

Айбын • Бүгін, 09:30

Ата-баба ерлігі бізді жігерлендіреді

«Бала кезімде әскери киім киген адамдарды көрсем қызыға қарайтынмын. Теледидардан соғыс туралы фильмдерді жиі көріп өскен буынның ұрпағы болған соң шығар, жауынгерлік өмір кішкене кезімнен-ақ мені баурап алды. Болашақта ел қорғаушы боламын деген балалық арманым бүгінде, шын мәнінде, өмірлік мамандығыма айналғанына өзімді бақытты санаймын».

Сұхбат • Бүгін, 09:10

Азат елдің айбынды армиясы

7 мамыр – жалпыұлттық мереке. Өйткені осы жерді мекен еткен әрбір азамат – Отан қорғаушы. Туған еліміздің тұғырын биіктетіп, жерімізді жаудан қорғау – әрқайсысымыздың мойнымызға жүктелген басты парыз.Біз Отан қорғаушы күніне орай Қорғаныс министрінің тәрбие және идеология жұмысы жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан ЖАЗЫҚБАЕВТЫ әңгімеге тартып, айбынды әскеріміздің бүгінгі жай-күйі және жауынгерлерімізге жасалып жатқан әлеуметтік қолдау жайын кеңірек сұрап білген едік.

Айбын • Бүгін, 08:45

Құрыштан құйылған қуатты техника

Қауіпсіздіктің тірегі – айбынды әскер мен қуатты техника. Геосаяси ахуал күн сайын құбылып тұрған алмағайып заманда әлем елдері әскерінің әлеуетін арттырып, заманауи технологияға көңіл бөле бастады. Бұл ретте халықаралық сұранысқа сай әскери бронды техникалар шығаратын кешеннің жұмысы жан-жақты қолға алынды. Жақында елордадағы индустриалдық аймақта орналасқан «Kazakhstan Paramount Engineering» зауытында болып, отандық әскери техникалардың жай-күйімен танысып, қатары толықтырылған бронды көліктердің мүмкіндігін көзбен көріп қайттық.

Айбын • Бүгін, 08:37

Дрондар дәуірлеп тұр

Осы күнге дейін өмірдің сан саласында түрлі мақсатта пайдаланылып келген ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды бүгінде әскерилер де кәделеріне жарата бастады. Олардың ішінде ірі барлау, шабуылдаушы, бақылаушы дрондар бар. Сондай-ақ FPV шағын дрондары да соғыс «кәдесіне» жарап тұр.

Айбын • Кеше

Отанды сүю

Кейінгі жылдар мұғ­дарында жасампаз жас­тардан құ­рал­ған мәдени ұйымдардың саны күн­нен-күнге артып кел­еді. Олар қоғамдағы түйт­кілді өнер рухымен шеш­кісі ке­летінін байқап-ақ жүр­міз. Ащы сия, улы тіл­мен заман­ның запыран қайғысын, адамның мінезіндегі дерт-ме­рез­дерді қаймықпай ашық айтады. Оған бек қуа­­ныш­ты­мыз. Алайда бізді шошытатын дү­ние – олардың үнін­дегі үміт­сіздік.

Соңғы жаңалықтар

Азат елдің айбынды армиясы

Сұхбат • Бүгін, 09:10

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Қазақстан • Бүгін, 09:00

Фото