# Ұлттық спорт

Ұлттық спорт • 04 Мамыр, 2024

Көшпелілер ойындары AIPS-те насихатталды

Испанияның Санта Су­санна қаласында Ха­лық­аралық спорт басы­­лым­дары қа­уым­дас­­ты­­ғының (AIPS) 86-конгресі өтті. Кон­гресс аясында Астанада өте­­тін V Дү­ниежүзілік көшпелілер ойындарының бағ­дар­ла­масы таныстырылды.

Ұлттық спорт • 02 Мамыр, 2024

Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «ҚР-да ат спорты мен ұлттық жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Ұлттық Ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ғылыми қоғамдастықтың, спорт клубтарының, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері және оның құрамына кіретін федерациялардың басшылары мен атбегілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық спорт • 19 Сәуір, 2024

Көшпелілер ойынына қаншалықты дайынбыз?

Қыркүйек айының 8-14 аралы­ғында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр. Ұлттық спорт ойын­дарының әлемдік аламанында елдік мұрат-мүдденің салмағы да таразыға тартылады. Жер жүзінің 100-ден аса елінен 4 мыңға тарта қонақ келетін, спортшылар сайысқа қосылатын дүбірлі доданы қабылдауға инфрақұрылым қаншалықты әзір?

Ұлттық спорт • 12 Сәуір, 2024

Көкпардан есеміз кетпесе игі

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойынының айтулы басты бәсекесі – көкпар. Әсіресе қазақ-қырғыздың ер үстіндегі егесі мен тақым астындағы тартысын күтіп жүрген жанкүйердің қатары қалың. Айыр қалпақты шабандоздар екі жыл бұрын Түркия топырағында кеткен есені қайтарудың қамында жүр. Ал біздің жігіттерге чемпиондық дәрежені қорғау маңызды.

Ұлттық спорт • 11 Сәуір, 2024

Ат жалындағы жарыс

Жуырда қасиетті Қарадала өңірінде ат құлағында ойнайтын спортшылардың байрақты бәсекесі ұйымдастырылды. Көнеден жібі үзілмей жалғасып келе жатқан көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу сынды ептілік пен жылдамдықты паш ететін ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өтті.

Ұлттық спорт • 11 Сәуір, 2024

Азия кубогі мәреге жетті

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық аясында Шымкенттегі орталық ипподромда теңге ілуден II Азия кубогі өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекс­тан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Тәжікстаннан келген спорт­шылар теңге ілудің бірнеше стилі бойынша бақ сынас­ты.

Ұлттық спорт • 27 Наурыз, 2024

Көшпелілер ойындарына гидтер дайын ба?

Елімізде V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетінін естіп, біліп жүрміз. Оған жүзден аса мемлекеттен 4 мыңға жуық ойыншы қатыс­пақ. Бұған қоса түркі әлемі көз тіккен іс-шараға туристердің де көптеп келетіні түсінікті. Осы орайда туристерді күтуге, жағдай жасауға, еліміздің көрікті жерлерін таныстыруға отан­дық гид қызметтері дайын ба?

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

АҚШ ковбойын арбаған көкпар

Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара көпшілікке ұсынылды. Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, елорда әкімдігінің қолдауымен ұлттық ойын түрлері – көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және тоғызқұмалақ пен асық атудан арнайы сайыс өтті.

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

Көкпар, аударыспақ, теңге ілу. Елордада ұлттық спорт күні қалай атап өтілді?

Бүгін Қазақстан азаматтары алғаш рет Ұлттық спорт күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Соңғы жаңалықтар

Азат елдің айбынды армиясы

Сұхбат • Бүгін, 09:10

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Қазақстан • Бүгін, 09:00

Дрондар дәуірлеп тұр

Айбын • Бүгін, 08:37

Орталық Азиядағы үздік университет

Университет • Бүгін, 08:05

Фото